Иванбек домбырамен қазақша ән шырқап, желіні таңғалдырды

Жарияланды 10 Наурыз 2026 09:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Коллаж: Kursiv.media

Танымал ресейлік блогер, «Алға Петербург» жобасының авторы Иван Червинский (көпшілікке «Иванбек» есімімен таныс) тағы да қазақстандықтарды сүйсіндірді. Instagram парақшасында домбырамен қазақша ән айтып, өнерін паш етті.

Иванның орындауындағы шығарма оқырман қауым арасында үлкен қызығушылық тудырды. Оның домбыраны еркін меңгергені және қазақ тіліндегі сөздерді анық айтуы көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.

Желі қолданушылары бұл өнердің ИИ (жасанды интеллект) көмегімен жасалған-жасалмағанын сұрап, таңданыстарын жасырмады. Иван бұл сұрақтарға:

«Әрине, өзім айтып тұрмын» – деп жауап берді.

Блогер бұл видеосын белгілі «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылығына арнаған. Сондай-ақ ол 12 наурызда Астана қаласында өтетін «Folk & Symphony» атты бірегей концерт туралы хабарлап, барлық өнерсүйер қауымды осы кешті өткізіп алмауға шақырды.


Сондай-ақ оқыңыз