
Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.
Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.
Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.
Айта кетейік, Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасында пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин, ал пара шаңғы жарысынан Нурлан Алимов, Владислав Кобаль және Анна Грачёва ел намысын қорғап жатыр.