
Наурыз айының басындағы кассалық жиынтықтар қазақстандық кино нарығындағы қызықты тенденцияларды айқындап берді. Ticketon деректеріне сүйенсек, көрермен талғамы әртүрлі: бірі отандық драманы таңдаса, енді бірі әлемдік деңгейдегі мультфильмге бет бұрған.
Гүлнұр Мамасарипованың кезекті жеңісі
Прокаттың абсолютті көшбасшысы продюсер Гүлнұр Мамасарипованың «Ол сен емес» фильмі.
Табысы: алғашқы аптада 272 325 820 теңге.
Мамасарипованың жобалары әрқашан халықтың жүрегіне жол табады. Бұл жолы да продюсер көрермен күткен сапалы дүниені ұсына білді.
«Секіргіштер»: Pixar сапасы қазақ тілінде
Екінші орында тұрған «Секіргіштер» (Прыгуны) мультфильмі әйгілі Pixar студиясының туындысы. 183 миллион теңгеден астам қаражат жинады.
Қырғыз киносының феномені: «Пейіш»
Үздік үштікті қырғыз режиссері Руслан Ақунның «Пейіш. Анама хат» туындысы түйіндеп тұр.
Көрсеткіші: 132 495 220 ₸ (4-апта).
Төрт апта бойы алдыңғы қатардан түспеуі қырғыз киногерлерінің қазақстандық аудиторияның көңіл-күйін дөп басқанын көрсетеді. Рухани құндылықтарға негізделген драма прокатта ұзақ сақталатын «феноменге» айналды.
Бұдан бөлек, алғашқы ондықтағы фильмдердің басым бөлігі қазақстандық туындылар. «Абай бол», «Ғашықпын саған» және «Соңғы махаббат» сияқты туындылар бірнеше апта бойы тұрақты табыс әкеліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас «Ол сен емес» фильмі үшін өзінің әнін жаңа нұсқада орындап шыққан еді.