Қабатовтың екінші әйелі Айман жұртқа ұнай бастады

Жарияланды 11 Наурыз 2026 11:17

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жылқыға құмарлығы тәнті етіп отыр / фото: Instagram
Жылқыға құмарлығы тәнті етіп отыр / фото: Instagram

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы оқырмандарының сүйіспеншілігіне бөлене бастады.

«Айман бәрімізге ұнап келе жатыр күннен күнге», – деп жазды құлсарылық Динара атты бір оқырманы.

Бұған Айман Талғатқызының қазақтың дәстүрлерін жақсы білетіні, берік сақтайтыны түрткі болған секілді. Әсіресе, жылқыға құмарлығы тәнті етіп отыр.

«Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге: жылқыны танып-білгеннің қай жері жаман? Мүше, жілік ажырата алсаң керемет емес пе? Үйіңе келген қонағыңа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес пе? Аттың үстінде шабу да үлкен өнер әрі ерлік», – жазды Қабатовтың екінші жары.

Айман Талғатқызы жүйрікке мініп, шапқанды ұнатады. Атқа отырысы да кәнігі. Қасында жүгірген тазылары ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Мұның алдында ол жеке өмірін жасырмай, оқырмандарына екі ұлын таныстырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз