Нұрлан Сабуров астаналық кәсіпкердің тойына келді

Жарияланды 13 Наурыз 2026 19:58

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Нурлан Сабуров
Нұрлан Сабуров астаналық кәсіпкердің тойына келді / Фото: Maksim Konstantinov / Global Look Press

Танымал комик Нұрлан Сабуров Астанадағы отбасылық салтанатты жиынға келді. Іс-шарадан түсірілген кадрларға қарағанда, әртіс Иман Әли және Мұхаммед Әли есімді балалардың бір жасқа толу мерекесінің құрметті қонағы болған.

Мерекеден видеоны Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының вице-президенті Әлібек Мұқатаев сторисінде жариялады.

Кадрдан Сабуровтың қонақтардың қошеметімен және серпінді музыканың сүйемелдеуімен банкет залына шығып келе жатқанын көруге болады. Костюм киген ер адам комиктің иығына салтанатты түрде шапан жабады.

Осы сәтте асаба сахнадан қонақтарды: «Қош келдіңіздер! Добро пожаловать! Добро пожаловать домой! Қош келдіңіз!» – деген сөздермен қарсы алады.

Рәсімнен кейін Сабуров пен той иесі жылы құшақтасып, жүздеріне күлкі үйірілді.

Еске сала кетейік, комикті 6 ақпанда түні Дубайдан ұшып келгенде Мәскеудегі Внуково әуежайында Ресей Қауіпсіздік қызметі ұстаған болатын. Оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарлама берілді. Өкім 30 қаңтардан бастап күшінде болған, бірақ Нұрлан бұл туралы тек ұшып келгенде ғана білген. Бірнеше сағаттан кейін Сабуров Алматыға ұшып кетті. Ол оралғаннан кейін Қазақстанда ресейлік әскерилерге мотоциклдерді беру туралы оқиғаға байланысты тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыз