
21 наурыз күні қаланың бас алаңында әзербайжандық танымал әнші, ерекше дауыс иесі Роза Зергерли арнайы қонақ болады.
Роза Зергерли Әзербайжанда ғана емес, бүкіл түркі әлеміне танымал әнші.
21 наурыз күні Алматыдағы Астана алаңында мерекелік бағдарлама 11:00-де басталады Роза Зергерли нақты қай уақытта өнер көрсететіні белгісіз. Әзербайжан әншісінен бөлек ол күні сахнада қазақ эстрадасының да жұлдыздары болады:
«Дос-Мұқасан» мен «Ұлытау» топтары, Медеу Арынбаев, Сәкен Майғазиев және т.б.
Әзербайжан нақышы
Егер сіз әзербайжан мәдениетіне қызықсаңыз, сол күні Абай алаңында (Республика сарайының алдында) өтетін жәрмеңкеге өтеді. Жәрмеңкеде:
- Әзербайжанның қолмен тоқылған әйгілі кілемдері;
- Шыныға салынған витраждық өрнектер мен ұлттық бұйымдар қойылады.
Сондай-ақ, Астана алаңында Роза Зергерлидің концертінен бөлек, 6 тақырыптық киіз үй тігіледі.
Бұған дейін, Алматыда 21-23 наурыза аралағында өтетін іс-шаралардың бағдарламасын жазған едік.