
Наурыз мейрамының жаңа форматында 19 наурыз – Жаңару күні деп жарияланды. Бұл күн – көктемнің шуағымен бірге адам жанының тазарып, айналасын жақсартуға, жаңа мақсаттар қоюға ұмтылатын ерекше кезеңі.
Жаңару күнінің мәні мен маңызы
Халқымызда «Ескі киімді тастасаң, жаңасына орын болады» деген нақыл бар. Жаңару күні тек сыртқы форманы ғана емес, ішкі дүниемізді де түлетуді көздейді. Бұл күннің басты құндылықтары:
• Қоршаған ортаны тазарту: Аулаларды жинау, ағаш отырғызу және табиғатты аялау.
• Жаңа бастамалар: Өткен жылдың есебін беріп, алдағы уақытқа жоспар құру.
• Рухани тазалық: Өкпе-ренішті ұмытып, жаңа парақтан бастау.
Жаңару күні аясында Алматының барлық ауданында ағаш егу акциясы өтеді.
Бұған дейін Алматыда Наурыз мекерекесінде қайда баруға болатынын жазған едік.