Оразаның соңғы күнінде сәресін ішу керек пе

Жарияланды 19 Наурыз 2026 13:07

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ораза кезінде түкірік
фото: ЖИ

Рамазан айы аяқталып, Ораза айт жақындағанда көптеген мұсылмандар арасында «Соңғы күні сәресі ішеміз бе?», «Айт күні таңертең ауыз бекіту керек пе?» деген сұрақтар жиі туындайды. Kursiv Media ҚМДБ мәліметіне сүйене отырып, шариғат үкімдері мен пайғамбардың сүнетіне тоқталды.

Айт күні сәресі ішіле ме?

Рамазан айының соңғы ауызашары сол күні ақшам уақытында жасалады. Осы сәттен бастап Рамазан айы аяқталып, шәууал айы, яғни Айт мерекесі кіреді.

Яғни, сәресі ішілмейді. Ораза айттың алғашқы таңында сәресіге тұрудың қажеті жоқ. Себебі:

  1. Ораза ұстауға тыйым салынған: Хадистерде Алла елшісінің (с.ғ.с.) Ораза айт пен Құрбан айт күндері ораза ұстауға қатаң тыйым салғаны айтылады (Бұхари).
  2. Ауыз ашу – сүннет: Айт намазына шықпастан бұрын дәм ауыз тию мұстахап (ұнамды) іс. «Фатху бабил-ғиная» кітабында айтылғандай, бұл Рамазан оразасының толық аяқталғанын және Алланың қонақасысы (айт) басталғанын білдіру.

Пайғамбар сүннеті

Тирмизи мен Ибн Мажә жеткізген хадистерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Ораза айт күні тамақ ішпейінше мешітке шықпағаны баяндалады.

Бұл тамақтану таң атқаннан кейін, күн көтерілген уақытта болады. Демек, бұл сәресі емес, кәдімгі таңғы ас. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әдетте тақ санмен (1, 3 немесе 5) құрма жеп, содан кейін ғана айт намазына бет алатын болған.

Айт таңы: Сәресі ішілмейді, ауыз бекітілмейді. Керісінше, айт намазына дейін су ішу немесе дәм тату сүннет.

Осылайша, мұсылман қауымы айт күні ораза емес екенін көрсетіп, Алланың берген мерекесін таңертеңнен ас ішумен бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ораза айт намазының уақытын жариялған едік.

Сондай-ақ оқыңыз