
Қасиетті Рамазан айы аяқталып, мұсылман қауымы Шәууәл айына қадам басты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) биылғы Шәууәл айында ұсталатын 6 күндік нәпіл оразаның кестесін ресми түрде ұсынды.
Шәууәл оразасының кестесін қайдан алуға болады
Еліміздің әрбір қаласы мен ауылы үшін намаз және ауыз бекіту уақыттары бекітілген. Өзіңізге қажетті өңірдің кестесін төмендегі қадамдар арқылы жүктей аласыз:
- Muftyat.kz ресми сайтына өтіңіз;
- Шәууәл оразасына арналған арнайы сілтемені ашыңыз;
- Тізімнен өз өңіріңізді таңдап, кестені жүктеп алыңыз.
Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаудың сауабы қандай
Шариғат бойынша, Рамазаннан кейінгі Шәууәл айында 6 күн ораза ұстау үлкен сауапты іс. Мұхаммед пайғамбар:
«Кімде-кім Рамазан оразасын ұстап, содан кейін оған Шәууәл айынан алты күн қосса, ол жыл бойы ораза ұстағанмен тең», – деген.
Шәууәл айының оразасын қалай ұстау керек
- Уақыты: Шәууәл айының кез келген күндерінде (Ораза айттың алғашқы күнінен бөлек) ұстауға болады.
- Тәртібі: 6 күнді қатар немесе айдың соңына дейін бөліп-бөліп ұстауға рұқсат етілген.
- Қаза ораза: Егер адамның Рамазан айынан қаза күндері болса, алдымен қазасын өтеп, кейін Шәууәл оразасын ұстағаны абзал.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазанның соңғы күнінде бүкіл облыста ауызашар бергенін жазған едік.