
Қазақ эстрадасының жарасымды жұбы Жанболат пен Жазираның шаңырағында үлкен қуаныш. Өнер иелері жалғыз ұлдары Қазыбекті үйлендіріп, келін түсірді. Алайда желі қолданушыларының назарын тойдың сән-салтанатынан бұрын, қалыңмалдың көлемі аударды.
«10 млн» және дәстүр сабақтастығы
Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан белгілі болғандай, жұлдызды жұп келіндерінің қалыңмалына 10 млн теңге берген.
Бұл жаңалық желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандардың пікірі әртүрлі:
Көптеген аналар «Біздің қыздарымызға да осындай берекелі шаңыраққа келін болуды нәсіп етсін», «Жастар бақытты болсын, лайым той көп болсын» деп ақ тілектерін жаудырды.
Ал кейбір желі қолданушылары бұл соманың тым көп екенін айтып, «бәсекелестікке» айналып бара жатқанын тілге тиек етті.
«Майғазиев құдаларына 5 млн берсе, Жанболат 10 млн беріпті. Ал кеттік, бәсеке өз ара» деген пікірлер де кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Жанболат пен Жазираның келіндері «Музарт» тобының әншісі Кенжебектің балдызы екенін жазған едік.