
Төреғали Төреәлінің үш жылда үш бала тапқан қарындасы, блогер Дина Төреәлі декрет туралы ойын ортаға салып, жаңаша образда оқырман алдына шықты.
«Әркім өзі жасайды таңдауын, Сезімнің жанып- жанбауын», – деген суреттер. Бал өміріңді жеке отбасын құру үшін арнау. Декрет деген – өзіндік бір соғысы бар өмірден шығу. Шашылған жаныңды, өзіңді қайта бөлшектеп жинау. Рухани, физикалық, психологиялық тұрғыдан шаршамау. Бәрінің көңілін табу. Үйіңе жайлы күй сыйлау. Күйеуіңе, балаларыңа махаббат беру. Айналаңа шуақ шашу. Ешкімге ренжімеу. Өзіңді жеке тұлға ретінде дамытып үлгеру, жеке кәсібіңді жұмысыңды жасау. Сырқаттанбау… Тағысын-тағы… Нәзік жаратылыс бір әйелдің мойнында қаншама көзге көрінбейтін жауапкершілік, шіркін. Сүйікті болу – ең алдымен өзіңді сүю! Біз мықты емеспіз – біз әлсізбіз. Біз де махаббатқа, көңілге, сезімге, көмекке мұқтажбыз. Әрбіріңді құшақтадым алтыным» деп кейінгі фотосессиясынан суреттер салды ол.

Оқырман бірер ай бұрын ғана босанған Динаның дене бітіміне жылы лебіз білдіріп жатыр.
«Тете өсіп жатқан үш баласы бар деп кім айтады», «Қыз тумай жүр екенсіз ғой» деп жас анаға қолдау білдіріп жатқан фоллоуер көп.
Фотосессиядан суреттер бөліскеннен кейін блогер артынша Reels та салды.
«Декреттен шығу – қорқыныш емес, бұл – өзіңді қайта табу. Бір кезде тек баламның ұйқысын күтіп жүрсем, қазір өз армандарыма қайта оралып жатырмын. Ана болу мені әлсіреткен жоқ, керісінше, мені мықтырақ етті. Қадам кішкентай болса да, ең бастысы, алға жүру» деп жазба қосты.
Оқырманның «Декреттен шықтыңыз ба?» деген сұрағына «біртіндеп шығып жатырмын» деп жауап берді ол.
Жүзі жарқырап шыққан Динаға көпшілік «Прайм дәуіріңіз басталды» деп жазып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Дина Төреәлінің анасына қымбат сыйлық жасап қуантқаны туралы жазған едік.