Іле-Алатау ұлттық паркінде жаңа «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Жарияланды 30 Наурыз 2026 08:42

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Іле Алатау ұлттық паркі Бұтақты / фото: Досжан Балабекұлы

Алматы маңындағы ең танымал демалыс орындарының бірі Бұтақты шатқалында заманауи визит-орталық өз жұмысын бастады. Бұл нысан Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына орай ашылды.

Жоба «Туранга Групп» компаниясы мен «Іле Алатауы» ұлттық паркінің тығыз ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды. Маңызды нысанның іске қосылуына Алматы қаласының әкімдігі (электр желілерін тарту бойынша) және Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қолдау көрсетті.

Ашылу салтанатына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев қатысып, жобаның экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Демалушылар үшін қандай мүмкіндіктер бар?

«Бұтақты» визит-орталығы бұл толыққанды демалыс пен білім беру кешені. Орталық екі негізгі блоктан тұрады:

  1. Негізгі визит-орталық: Мұнда келушілер парк туралы мәлімет алып, танымдық бағдарламаларға қатыса алады.
  2. «Бұтақты» кафесі: Белгілі экобелсенді және кәсіпкер Сергей Спицынның басқаруымен жұмыс істейтін дәмхана қонақтарға жайлы атмосфера ұсынады.

Инфрақұрылымның артықшылықтары:

  • Заманауи қоғамдық дәретханалар;
  • Тимбилдингтер мен шеберлік сабақтарына арналған алаңдар;
  • Мектеп оқушылары мен туристік топтар үшін ашық ауадағы білім беру бағдарламалары;
  • Ұлттық парктің фирмалық мерчтары мен сувенирлері сатылатын дүкен.
    Цифрлар мен деректер:

Экономикалық үлес

Жобаға салынған жеке инвестиция көлемі 8,5 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 200 тұрақты жұмыс орны ашылып (оның 20-сы «Бұтақтыда»), мемлекет қазынасына 700 млн теңге салық төленді.

Болашаққа жоспар: Үлкен Алматы көлі (ҮАК)

Компания келесі кезекте Үлкен Алматы көлінде жаңа визит-орталықты салуды көздеп отыр. Жобаның архитектуралық шешімін Глазго қаласының бұрынғы бас сәулетшісі, әйгілі Рикардо Марини әзірлеген.

Барлық жобалар ҚР Үкіметінің 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту концепциясына толықтай сәйкес келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Іле Алатауында 60 шақырым шаңғы трассасы мен 17 аспалы жол салынатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз