Шымкентке барған Алтынай Жорабаева қала көшелеріне қатысты сын айтты

Жарияланды 30 Наурыз 2026 14:59

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: видеодан скрин

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Шымкентке қонақ боп барып, шырайлы өлкеден түсірілген бірнеше stories салды. Ол жерде қаланың көрінісіне қатысты сын да бар.        

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасына «Шымқаладан жалынды сәлем! Осы отырғанда біз Рахима плазаға «пирәшки» жеуге кетіп бара жатырмыз. Өткенде мамаммен аралағанда жегенбіз. Сол есімізге түсіп кетіп барамыз», – деп машинадан сторис салды. 

Дегенмен дәл әнші барған күні ол жер жабық болып шыққан.

«Мен ұрлыққа түскен күні ай жарық болды» демекші дәл осы күні бұл жер демалып жатыр екен. Енді кешкі тойға дейін уақытымыз бар. Олай болса, шашлык жеуге барамыз. Бұрын студент кезімізде нанның ұнтағына аунатылған шашлыкты жейтінбіз. Студент шақ еске түсіп, соны іздейміз. Табамыз деп ойлаймын», – деп жас кезге деген сағынышын да жасырмады.

Тойға дейінгі уақытын құр өткізбеген Жорабаева қаланы алаңсыз аралағанға ұқсайды. Келесі бір сторисінде көшелерге қатысты сын айтты.

«Биыл неге екенін Шымкенттің көшелері қатты безендірілмеген. Бұрын өте көп қызғалдақ өсіріп, орталық күшті болып тұратын. Биыл көп көңіл бөлмепті», – деді ол көшені кезіп жүріп.

Шымкентті аралап жүріп әнші ақыры дәмді шашлык тапқанын айтып, әрмен қарай тойға дайындалатынын айтты. Артынша қып-қызыл көйлекпен тойшыл қауымның алдына шығып, әнін орындады. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ескі де есті хиттердің тарихы туралы жазған едік.   

Сондай-ақ оқыңыз