Түскі асқа 250 мың теңге төлеген Еркебұлан Тоқтардың түрі бұзылып кетті

Жарияланды 6 Сәуір 2026 12:39

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram
Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram

Шетелде – тропикалық елдердің бірінде демалып жатқан Еркебұлан Тоқтар түскі асқа 522 доллар төледі.

Бейнежазбасында актер әрі жауынгердің крабты сүйсіне жеп отырғаны көрінеді. Крабтың аяған жұлып алып, сүйек кеміргендей, қазақшалап қолмен жейді. Бірақ есепайырысатын кезде, чекті көріп түрі бұзылып кетті.

«Мынаны қара. 522 доллар. Түр бермейсің ғой, күнде төлеп жүрген адам сияқты. Екі краб алдым. Бір үлкен креветка және бір десерт. Бағасы 250 мың теңге болды. «Өмірге бір мәрте келеміз. Осылай отырмағанда, енді қалай отырасың? Не үшін жұмыс істеп жүрмін деп өз-өзімді жұбатып қоямын», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Сонымен қатар ол кеткен ақшаға іші ашып, манадай жазба қалдырған: «Мұндай шот келгенде, бастысы – түр бермеу. Бірақ мен сәл беріп қойған сияқтымын», – деп жазды.

Еркебұлан Тоқтар кешке бір қызбен кездесуге барғанын және ол қызбен ағылшын тілінде сөйлесіп отырғанын жариялады. «Жеңешелерің» деп бір қыздың фотосын салғанымен, бетін көлегейлеп көрсетпей қойған.

Ал бұған дейін Еркебұлан Тоқтар өзіне бағытталған ауыр айыптауларға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ оқыңыз