Джеки Чан ойнайтын «Құдіретті сауыт-сайман» фильмі Қаскелеңде түсіріледі

Жарияланды 6 Сәуір 2026 12:46

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
«Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды/фото: gov.kz

«Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмі Қаскелеңде түсіріледі. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.

Кино түсіріліміне арнайы «Dala Stage» кинопавильоны салынып жатыр. Туындыда басты рөлді экшн жанрының жұлдызы Джеки Чан сомдайды.

«Жарты жыл бұрын ғана біз осы жобаны жоспарлап, талқылаған едік. Ал бүгін сол келіссөздер шындыққа айнала бастады. Біз павильон құрылысының ауқымды түрде бастау алғанын көріп отырмыз. Джеки Чан барша қазақстандыққа жалынды сәлем жолдап, осы жобаға өркендеу тілейді», – деді актердің продюссері Ли Чиу Ва.

Нысанның жалпы аумағы – 15 гектар. Ал ауданы 3 000 шаршы метр. Құрылыс жұмысы 2026 жылдың тамызында аяқталады деп жоспарланған.

Бұған дейін Джеки Чан «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмін Бозжыра мен Каспий теңізі жағалауында түсіретіні айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз