Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек сәбилі болды

Жарияланды 10 Сәуір 2026 09:51

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек сәбилі болды / фото: instagram

Қазақстандық пара дзюдо жұлдызы, Париж Паралимпиадасының жеңімпазы Ақмарал Науатбек сәбилі болды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Ақмарал Науатбек спорт әлеміне ерте қадам басқан. Ол 11 жасынан бастап дзюдомен кәсіби түрде айналыса бастады. 2017–2019 жылдар аралығында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында бақ сынап, өзінің мықтылығын дәлелдеген болатын.

Алайда 2021 жылы көру қабілетінің нашарлауына байланысты Ақмарал пара дзюдоға ауысып, жаңа биіктерді бағындыруға бел буды.

Еске сала кетейік, Ақмарал 2024 жылы Париждегі Паралимпиада ойындарында тарихи алтын медаль алып, ел мерейін үстем еткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз