Kalifarniya мен Сырым Исабаев дуэт шығарды: Шымкенттегі концертте алғаш рет орындамақ

Жарияланды 10 Сәуір 2026 14:55

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Сырым Исабаев пен Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев бірге ән жазды.

«Біреуге» атты жана әннің тұсауы 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ сарайында» өтетін Kalifarniya-ның жеке концертінде кесіледі. Бұл әншілердің сахнадағы алғашқы бірлескен орындауы болмақ. Ал 10 сәуірден бастап жаңа туынды барлық музыкалық платформаларға шығады.

Айта кетейік, Kalifarniya бұған дейін де дуэттерімен ерекшеленген еді. Жақында ғана Қайрат Нұртаспен бірге шығарған «Әдемі» атты әні хитке айналды. Бұл туынды YouTube желісінде небәрі 3 күннің ішінде 650 мыңнан астам қаралым жинап үлгерді.

Сондай-ақ оқыңыз