
Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы – Libraries Almaty ресми түрде іске қосылды. Ол кітап іздеген оқырман үшін жаңа мүмкіндік ұсынатын заманауи цифрлық сервис. Соның көмегімен қорда бар қалаған кітапты үйге алдыруға да болады.
Қосымша алғаш рет биыл наурызда «KitapFest-2026» кітап фестивалінде көпшілік назарына ұсынылды. Ол бастапқыда Android жүйесінде ғана істесе, 6 сәуірден бастап iOS операциялық жүйесіне де қосылды.
Libraries Almaty сервисі кітапхана қызметін цифрлық форматта пайдалануға мүмкіндік береді. Енді әрбір азамат оқырман билетін онлайн рәсімдеп, кітап қорымен қашықтан таныса алады. Геолокация функциясы арқылы ең жақын орналасқан кітапхананы оңай табуға болады.

Алматы кітапханалары қорында 400 мыңнан астам кітап бар. Қосымша арқылы рәсімделген электрондық оқырман билеті барлық филиалда жарамды. Оны өзін-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қолдануға болады.
Бұған қоса, кітаптарды үйге жеткізу қызметі де бар. Ақылы. Дегенмен мұндай қызмет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін ұсынылады.
Айта кетейік, 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Онда Димаш Құдайберген туралы кітап таныстырылады