Hyundai қауіпсіздік белдігіндегі ақау әсерінен 300 мыңға жуық көлігін кері қайтарды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Hyundai қауіпсіздік белдігіндегі ақау әсерінен 300 мыңға жуық көлігін кері қайтарды / Фото: Shutterstock

Оңтүстік Кореяның Hyundai Motor автогигантының американдық бөлімшесі АҚШ аумағында 294 128 автокөлікті кері қайтаратынын жариялады, деп хабарлайды Reuters.

Кері қайтару науқанына төрт модель – Ioniq 6, Santa Fe, Santa Fe Hybrid және флагмандық Genesis G90 ілікті. Бұған жол-көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік белдігінің бекіткіші ажырап кетуі мүмкін өндірістік ақау себеп болған.

«Апат кезінде ол салмақты көтере алмай қалуы мүмкін, соның салдарынан белдік адамды тиісті деңгейде ұстап тұрмайды», – деп хабарлады Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы.

Дилерлер белдік бекіткіштерін тексеріп, қажет болған жағдайда оларды күшейтеді немесе ауыстырады. Жөндеу жұмыстары тегін жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз