
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан белгілі журналист, «Ulysmedia.kz» ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы Самал Ибраеваға мемлекеттік награда табыс етілді.
Марапатты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты түрде тапсырды. Самал Ибраева отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі қызметтің түрлі салаларындағы, соның ішінде мәдениет, ақпарат және қоғамдық өмір бағытындағы елеулі еңбегі мен жетістігі үшін беріледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv Media тілшілері жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған еді.