«Табысын жасырып, алимент төлемейді»: Нұрлан Абдуллиннің экс-жары мәлімдеме жасады

Жарияланды 13 Сәуір 2026 09:52

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Нұрлан Абдуллиннің экс-жары мәлімдеме жасады / коллаж: kursiv.media

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Нұрлан Абдуллиннің айналасында дау туды. Оның экс-жары Ақмарал Баққараева өнер иесінің табысын жасырып, ортақ баласына алимент төлеуден қашып отырғанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Алимент дауы

Ақмарал Баққараеваның айтуынша, әншімен заңды некеде болмағанымен, олардың арасында 8 жасар ұлы бар. Қазіргі таңда келіншек баласының құқығын қорғау үшін сот процестерін бастаған. Оның басты талабы әншінің ресми емес табыстары мен жылжымайтын мүліктерін есепке ала отырып, тиісті алимент мөлшерін өндіру.

«Нұрлан Абдуллиннің Астана мен Алматы қалаларында бірнеше люкс пәтерлері, сондай-ақ миллиондаған айналымы бар компаниялары бар. Алайда ол баласына көмектеспеу үшін барлық табысын жасырып келеді. Қазіргі таңда біз соттасу үстіндеміз», – деді Ақмарал Баққараева.

Сондай-ақ, экс-жары әншінің табысын отбасына немесе баласына емес, «басқа жеке мүдделеріне» жұмсайтынын айтып, айыптауларын үдетті.

«Тоқал емеспін»

Сұхбат барысында Баққараева өзін «тоқал» ретінде санамайды. 20 жыл бұрын Абдуллин «мені оқытып алған болуы мүмкін» дегенді де айтады.

Оның пікірінше, бұл мәселе тек бір отбасының дауы емес, жалпы ел алдында жүрген танымал тұлғалардың әйелдер мен балалар алдындағы жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Омар Жәлелдің екінші әйелі де төрт баласын жалғыз өзі тәрбиелеп, әкесінен ешқандай көмек көрмей отырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз