BTS феномені: Оңтүстік Корея туризм саласында рекорд орнатты

Жарияланды 16 Сәуір 2026 14:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
BTS
BTS фото: shutterstock

Оңтүстік Корея 2026 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік туристер саны бойынша тарихи рекордты жаңартты. Бұған наурыз айында Сеулдің қақ ортасында өткен әйгілі BTS тобының концерттік кеші себеп болды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы

Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің алдын ала деректеріне сүйенсек: қаңтар-наурыз аралығында 4,76 млн шетелдік турист келген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға көп және ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Туристердің көбі Қытайдан келген – шамамен 1,45 млн адам (өсім 29%). Саяхатшылардың шетелдік карталармен төлеген шығыны 3,21 трлн вонды (шамамен 2,18 млрд АҚШ доллары) құрады.

«Корей мәдениетінің (K-culture) әлемдік танымалдылығы елдің жетекші туристік бағыт ретіндегі мәртебесін нығайтуға көмектесті», – деді Туристік саясат басқармасының бас директоры Кан Чон Вон.

BTS-тің оралуы

Туристік өсімнің басты себебі – 21 наурызда Сеулдегі Кванхвамун алаңында өткен BTS-тің тегін концерті. Топ мүшелері міндетті әскери қызметін толық өтеп келгеннен кейін, төрт жылдық үзілістен соң алғаш рет сахнаға қайта шықты. Бұл оқиғаны көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйер Кореяға ағылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін BTS жұлдызы RM шекара мен шектеуден бас тартуды ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз