
Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана қалыңдық атанды. Ол өзінің Instagram парақшасында сүйіктісімен, ақ көйлекпен суреттерін жариялап, оқырмандарын қуантты.
Таңдауы кімге түсті?
Диананың таңдаған жары – елімізге белгілі спортшы, Қазақстан регби ұлттық құрамасының капитаны Мұхаммед Расул. Желі қолданушылары жұптың бір-біріне өте ұқсайтынын және сымбатты екенін жарыса жазып жатыр. Кейбір оқырмандар күйеу жігіттің сырт келбетіне қарап, оның ұлтына қызығушылық танытса, енді бірі оны шетелдік жұлдыздарға ұқсатқан.
Жұрттың пікірі
Қуанышты хабардың астында түрлі пікір қалдырылып жатыр.
Бірі жас жұбайларға бақыт, махаббат және ұзақ ғұмыр тілеп жатса.
Енді бірі Диананың әкесі Мұрат Бисембинді еске алып:
«Әкеңіз көктен сізге батасын беріп жатқан болар», «Әкеңіз сіздің бақытты болғаныңызды қалайтын еді» деген жылы лебіздерін білдірді.
Кейбір желі қолданушылары әкесінің қазасына көп уақыт өтпей той жасау ерте екенін айтса, басым көпшілігі жастарды қорғап, өмір жалғасатынын және бақытты болуға әркімнің хақысы бар екенін алға тартты.
Айта кетейік, Диананың әкесі, қазақ киносында өзіндік орны бар, «Рэкетир» фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин 8 қаңтар күні ауыр дерттен қайтыс болды.