1 шілдеден бастап ипотека мөлшерлемесі өзгереді
Жарияланды

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ипотека мөлшерлемесіне қатысты жаңа реттеу шаралары әзірленіп жатқанын айтты.
Оның сөзінше, 1 шілдеден бастап ипотека бойынша төмендегідей шекті мөлшерлемелер бекітіледі:
- Егер ипотеканың бастапқы жарнасы 30%-дан асатын болса, шекті мөлшерлеме 20%-дан аспауға тиіс.
- Егер бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, шекті мөлшерлеме 25%-дан аспауы керек.
«Банктермен негізгі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді, дегенмен әлі де техникалық жұмыстар бар. Мамыр айында осы қаулының жобасын ресми түрде жариялайтын боламыз», – деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бұған 7-20-20, Ұмай, Наурыз сияқты мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар кірмейді.
Бұған дейін ол 25%-бен берілетін несиелер халықтың қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтқан еді.