1 шілдеден бастап ипотека мөлшерлемесі өзгереді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
1 шілдеден бастап ипотека мөлшерлемесі өзгереді
1 шілдеден бастап ипотека мөлшерлемесі өзгереді/фото: kursiv.kz

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ипотека мөлшерлемесіне қатысты жаңа реттеу шаралары әзірленіп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, 1 шілдеден бастап ипотека бойынша төмендегідей шекті мөлшерлемелер бекітіледі:

  • Егер ипотеканың бастапқы жарнасы 30%-дан асатын болса, шекті мөлшерлеме 20%-дан аспауға тиіс.
  • Егер бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, шекті мөлшерлеме 25%-дан аспауы керек.

«Банктермен негізгі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді, дегенмен әлі де техникалық жұмыстар бар. Мамыр айында осы қаулының жобасын ресми түрде жариялайтын боламыз», – деді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, бұған 7-20-20, Ұмай, Наурыз сияқты мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар кірмейді.

Бұған дейін ол 25%-бен берілетін несиелер халықтың қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз