Гүлзира Айдарбекова ауруханаға түсіп қалды

Жарияланды 29 Сәуір 2026 11:02

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ауруханаға түсті. Өттен тас алдыру отасын жасатқан.

Айтуынша, хәлі жаман емес, бірақ ота жасатар алдында қатты үрейленген.

«Иә, елдер түк емес дейді. Бірақ бір абысыным наркоздан қайта оянбап еді. Содан кейін Алматыда тағы бір абысынымның өттегі тасын алғанда, қиқымы қалып қойып, іріңдеп өмірден өткен. Содан кейін ғой – қорқынышпен жүргенім. Аллаға сансыз шүкір, сәтті өтті!», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Ота аяқтала сала, палатадан оны жары Нұртас Айдарбеков бетінен сүйіп қарсы алды. Көп ұзамай Гүлзира Айдарбекова жағдайын айтып оқырмандарымен тілдесуді жөн көрген.

«Наркоздың күші жәймен тарап жатыр. Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын. Қазір әлсіздік. Бірақ өте сәтті болды», – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.  

Дәрігері өті қалып, тек тастың алынғанын айтқан. Гүлзира Айдарбекова дәрігерінің біліктілігіне ризашылық білдіріп, алғысын жаудырды.  

Мұның алдында ол «махаббат жоқ» дегені үшін күйеуі Нұртас Айдарбековке өкпесін ашық білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз