Өскемен әуежайы авиаотын бағасын көтергені үшін 8,9 млн теңге айыппұл төлейді

Өскемен әуежайына шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді.
Кәсіпорынға қатысты тергеу ісі аяқталды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеп-тексеру барысында кәсіпорынның авиаотын бағасын негізсіз қымбаттатып, оны әдейі жоғары деңгейде ұстап келгені анықталды.
Қылмыстық іс қозғалды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленді.
Айта кетейік, бұған дейін агенттік «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру ісін аяқтаған еді. Нәтижесінде Семей әуежайына авиаотын бағасын көтергені үшін 8,8 млн теңге айыппұл салынды.