Өскемен әуежайы авиаотын бағасын көтергені үшін 8,9 млн теңге айыппұл төлейді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Өскемен әуежайы
фото: Өскемен әуежайы баспасөз қызметі

Өскемен әуежайына шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді.

Кәсіпорынға қатысты тергеу ісі аяқталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру барысында кәсіпорынның бөлшек саудада авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілеу және ұстап тұру арқылы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды.

Қылмыстық іс қозғалды

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен «Өскемен әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленді.

Айта кетейік, бұған дейін агенттік «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру ісін аяқтаған еді. Нәтижесінде Семей әуежайына авиаотын бағасын көтергені үшін 8,8 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз