Лавров: «Еуропа нацизмді жаңа форматта жаңғыртып жатыр»

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
​​General news бөлімінің редакторы
Қазақстан Ресей делегациясының кездесуі / фото: Серікжан Қобыланбаев

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға келіп, екі тарап кездесулері басталды. Мәскеуден келген саясаткер екі елдің «жақын көрші, одақтас» екенін атап өтіп, ресми Астананы Жаңа Конституция қабылдауымен құттықтады.

«Қазақстан мен Ресей – ең жақын көршілер әрі одақтастар. Біздің халқымызды ғасырлар бойғы шынайы достық пен өзара құрмет байланыстырады. Бұл қарым-қатынас көптеген мемлекетаралық құжаттармен бекітілген», – деп атап өтті ол.

Министр Еуропа елдеріне қатысты кезекті рет өткір айыптаулар жасап, онда «нацизмнің жаңа формада жаңғырып жатқанын» мәлімдеді. Лавровтың пайымдауынша, Батыс елдері Еуропа халқын Ресейге қарсы қоюға тырысады.

«Біз әрдайым Жеңіс мерейтойын бірге атап өтеміз, арнайы іс-шаралар өткіземіз. Қазіргі жағдайда бұл естеліктің тек тарихи ғана емес практикалық маңызы бар… Егер мен дұрыс түсінсем, кейбір еуропалық мемлекеттер нацизмді жаңа формада жаңғыртып жатыр, оның ішінде Еуропа халқын біздің мемлекетімізге қарсы қоюға тырысады. Бір кездері бұл біздің ортақ мемлекетеміз еді, ал қазір негізгі нысана Ресей болып тұр», – деді ол.

Сөз соңында Ресей министрі Қазақстан халқын саяси реформалармен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. 

Ресей сыртқы істер министрі 29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні Қазақстанға арнайы сапармен келді. Ол Тоқаевтың қабылдауында болып, Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізбекші.

Сондай-ақ оқыңыз