Лавров: «Еуропа нацизмді жаңа форматта жаңғыртып жатыр»

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға келіп, екі тарап кездесулері басталды. Мәскеуден келген саясаткер екі елдің «жақын көрші, одақтас» екенін атап өтіп, ресми Астананы Жаңа Конституция қабылдауымен құттықтады.
«Қазақстан мен Ресей – ең жақын көршілер әрі одақтастар. Біздің халқымызды ғасырлар бойғы шынайы достық пен өзара құрмет байланыстырады. Бұл қарым-қатынас көптеген мемлекетаралық құжаттармен бекітілген», – деп атап өтті ол.
Лавров Ұлы Отан соғысындағы жеңіс жайлы ортақ естелік екі ел арасындағы тығыз байланыс көрінісі деп атады.
«Біз әрдайым Жеңіс мерейтойын бірге атап өтеміз, арнайы іс-шаралар өткіземіз. Қазіргі жағдайда бұл естеліктің тек тарихи ғана емес практикалық маңызы бар… Егер мен дұрыс түсінсем, кейбір еуропалық мемлекеттер нацизмді жаңа формада жаңғыртып жатыр, оның ішінде Еуропа халқын біздің мемлекетімізге қарсы қоюға тырысады. Бір кездері бұл біздің ортақ мемлекетеміз еді, ал қазір негізгі нысана Ресей болып тұр», – деді ол.
Сөз соңына қарай Қазақстан халқын 15 наурызды референдумды сәтті өткізіп, жаңа Конституция қабылдауымен құттықтады.
Ресей сыртқы істер министрі 29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні Қазақстанға арнайы сапармен келді. Ол Тоқаевтың қабылдауында болып, Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізбекші.