Блогерге Елтаңбаны қоқыстан тауып үйіне іліп қойған қойғаны үшін айыппұл салынған ба

Блогер Данияр Бейісқали Жетісу облысында қоқыс тастайтын жерден Елтаңбаны тауып алып, үйіне әкелген. Облыстық полиция департаменті азаматтың мемлекеттік рәмізді қорлайтын іс-әрекеттерін анықтаған.
Оқиға қалай болды?
Жетісу облысы Жансүгіров ауылының тұрғыны, блогер Данияр Бейісқали осыдан төрт жыл бұрын қоқыс арасынан мемлекеттік Елтаңбаны тауып алған.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, азамат мемлекеттік рәмізді қорлайтын іс-әрекеттерге барған. Соның ішінде әдепсіз түрде суретке түсіру және рәмізді бұрмалап пайдалану элементтері бар бейнелерді орналастыруға жол берген.
«Уәкілетті органның ұсынысы бойынша аталған іс-әрекеттерге құқықтық баға берілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бұл әрекеттер мемлекеттік рәміздерді қорлау, оны пайдалану тәртібін бұзу ретінде сараланады және жауапкершілікке әкеп соғады», – деп хабарлады полиция.

Осы дерек бойынша азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі істер министрлігі сот шешімін қолдады
Вице-министр Санжар Әділов сот шешімінің заңды екенін айтты.
«Бұл фактіге нақты құқықтық баға берілді. Конституцияға сәйкес, біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндеттіміз. Сондықтан соттың берген бағасы әбден дұрыс», – деді вице-министр.
Жетісу облыстық Полиция департаменті мемлекеттік рәміздер заңмен ерекше қорғалатынын ескертті. Рәміздерді қолдану тәртібі заңнамамен қатаң белгіленген және оны бейберекет пайдалануға жол берілмейді.
Бұған дейін Ақтөбе облысында домбыраны «харам» деп атаған ер адамға қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.