
«Ирина Қайратовна» тобы мен қазақ эстрадасының аңызына айналған «Музарт» триосы бірлескен «Лаула» атты туындысын жарыққа шығарды. Күтпеген фит желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып, бірі сүйсінсе, бірі түсінбей қалды.
Каверден жаңа әнге дейін
Топ мүшесі Алдияр Жапархановтың айтуынша, жоба ақпан айында басталған. Мейрамбек Беспаев ұсыныс тастап, «Музарт Фест» аясында топтың ескі әндерінің біріне кавер жасау жоспарланған. Алайда шығармашылық процесс барысында кавер нұсқасы көңілден шықпай, мүлдем жаңа дүние жазу туралы шешім қабылданған.
«Бұл өмірде барлық нәрсені күтетін едім, бірақ «Ирина Қайратовна» мен «Музарт» фит жазады деп мүлдем күтпедім», – деген пікірлер жазылды.
«Музарт Фесттегі» алғашқы орындау
Алғаш рет ән «Музарт Фест» концертінде айтылды. Бірақ халық туындыны бірден қабылдай алмаған тәрізді. Алдиярдың пікірінше, бұл заңды құбылыс: халық бұрын естімеген, стилі мүлдем бөлек жаңа әнді алғашқы рет тірі дауыста қабылдау қиынға соқты. Қазір ән YouTube платформасында қолжетімді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы да ән шығарғанын жазған едік.