«Өтірік тырысады»: Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі әйелі жайлы шындықты айтты

Опубликовано 21 May 2026 10:37

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Өнерде де, өмірде де жұбы жазылмаған танымал жұп – Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы жаңа телехикаяға бірге түсіп жатыр. «Ақ жеңге» атты сериалда қос әртіс шынайы өмірдегідей ерлі-зайыптылардың рөлін сомдайды.

Жобаның түсірілім алаңында Кәмшат Жолдыбаева жолдасына қызықты сұрақ қойып, оны тығырыққа тіремек болды. Актриса күйеуінен: «Сериалдағы әйеліңіз Жібек пен өмірдегі жарыңыз Кәмшаттың айырмашылығы неде?» деп сұраған.

Ғазрет Кәмшаттың бұл сұрағына тапқырлықпен әрі әзілмен жауап берді.

«Сериалдағы кейіпкерімнің әйелі Жібек күйеуінің көңілін табуға үнемі, шын жүректен тырысып жүреді. Ал өмірдегі жарым Кәмшат та көңілімді табуға тырысады, бірақ өтірік тырысады», – деп қалжыңдады актер.

Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы 2023 жылы шаңырақ көтерген. Ал былтыр ақпан айында жұлдызды жұп қызды болған еді.

Қазіргі таңда, Кәмшат Жолдыбаева KeshYou тобының 20 жылдық концертіне дайындалып жатыр. 29 мамыр күні Алматының Орталық стадионында әйгілі girls band-тың алтын құрамы өнер көрсетеді.

Читайте также