Алтын Орда дәуіріне жататын салтанатты әйел киімін музейге тапсырды

Жарияланды 21 Мамыр 2026 18:01

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Болған ана халаты
Болған ананың қайта қалпына келтірілген мүсіні мен киімі / фото: gov.kz

Алтын Орда дәуіріне жататын салтанатты әйел халаты енді Ұлттық музейде сақталады. Тарихи жәдігерді Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ресми түрде тапсырды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, сирек кездесетін артефакт Болған ана кесенесін қазу жұмыстары барысында табылған. Кесенені археолог Айбар Қасенали зерттеген. Табылған құнды жәдігер 2019 жылы университет қорына қабылданған.

«Жәдігер Жошы Ұлысы элитасына тиесілі мәдени қабатпен байланысты аса құнды тарихи дерек ретінде қарастырылады», – деп таратты министр.

Археолог-реставратор Тетяна Крупаның айтуынша, киім тігілген матаға сәудегүл бейнеленген. Соған қарағанда, тарихшылардың болжамынша, Болған ана осы киімді үйлену тойына киіп шыққан болса керек.

«Халаттың көшірмесін дайындауға шамамен 40 метр мата кетті. Оны киген әйелдің бойы 167,5 см болған. Халаттың алдыңғы және артқы етегі өте ұзын етіп тігілген. Салтанатты кештерде киетін киім», – дейді маман.

Жәдігер 19 мамырда президенттің қатысуымен өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум аясында негізгі экспонаттардың бірі ретінде ұсынылған. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың тарихи рөлін қайта қарауды тапсырған.

Бұл уақытта Ұлттық банк Алтын Орда құрметіне алтын жалатылған күміс монета шығарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз