Аңыз тұлғаның ақ тілегі: Бибігүл Төлегенова өнердегі әріптестерін құттықтады

Жарияланды 22 Мамыр 2026 00:02

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Абай облысының әкімдігі

Алматы қаласында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған концерт өтті.

Сахна төрінде – қазақ өнерінің майталмандары

Мерекелік кеш барысында көрермен қауым ұлттық өнердің қайталанбас туындыларымен сусындап, сырлы саз бен әсем әнге куә болды. Салтанатты шарада қазақ эстрадасы мен классикалық өнерінің аңыздары және заманауи топтары өнер көрсетті.

Сахна төріне шыққан өнерпаздардың қатарында: Аңызға айналған «ДосМұқасан» тобы мен КСРО халық артисі Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Мәдина Сәдуақасова, Зарина Алтынбаева, Ерназар Жұбанов, Жәмила Серкебаева, «IL Canto» квартеті, Абик Жексен, «Арқайым» тобы, «Самұрық» заманауи би театры және «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, А. Әшімов театры, Ерік Төленов, Виктор Хоменков;

 «Ұлытау» тобы және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солистері – Азамат Асқаров пен Әсел Асқарова өнер көрсетті.

Аңыздардың ақ батасы

Концерт аясында көрермендер назарына Алматы қаласының мәдени даму қарқынын, тарихи белестері мен бүгінгі тынысын бейнелейтін арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – қазақ өнерінің абыз ақсақалдары мен аңыз тұлғаларының бейнеқұттықтаулары болды. Мәдениет саласының ардагерлері – Бибігүл Төлегенова, Сәбит Оразбаев және Ілия Жақановтың жүрекжарды тілектері мен ақ батасы залдағы барша көрерменге ерекше рух пен жылылық сыйлады.

Сондай-ақ, Алматыдағы мәдениет және өнердегі қызметкерлерді марапаттады. 

Сондай-ақ оқыңыз