Алматыда түнгі велошеру өтеді: кімдер қатыса алады

Жарияланды 22 Мамыр 2026 16:24

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: shutterstock

23 мамыр күні Алматы қаласында қашықтығы 6 шақырымды құрайтын «Almaty Glow Ride 2026» түнгі қалалық велошеруі өтеді. Бұл туралы Велосипед спорты федерациясына хабарлады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, велошабандоздардың жиналуы сағат 20:00-де Астана алаңында басталады, ал старт уақыты 21:00-ге жоспарланған. Ауқымды спорттық шара аясында қатысушыларды арнайы сыйлықтар мен қызықты музыкалық бағдарлама күтеді. Сондай-ақ, балалар үшін бөлек шағын сөре қарастырылған.

Қатысу шарттары қандай?

Шараға қатысу тегін және алдын ала тіркелуді талап етпейді. Дегенмен қатысушыларға қойылатын басты әрі негізгі шарт бар: әрбір қатысушының жарық шағылыстырғыш элементтермен немесе арнайы жарықдиодты шамдармен жабдықталған жеке велосипеді болуы тиіс.

Велошеру бағыты

Түнгі шерудің бағыты қаланың орталық көшелерін қамтиды: Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі.

Негізгі шеруге қатысу үшін жас бойынша қатаң шектеулер жоқ, алайда 16 жастан асқан тұрғындар жіберіледі. Ал кіші жастағы балалар тек ата-анасымен бірге қатыса алады. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталатынын жеткізді. Қорғаныс каскасы жоқ қатысушылар велошеруге жіберілмейді.

Сондай-ақ оқыңыз