Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Астанада Кенесары көшесінің Шоқан Уәлиханов көшесінен Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі. Осыған орай көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 24-26 мамыр күндері аталған аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Фото: Астана әкімдігі

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік Астанада қос деңгейлі жолдар салынады. Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың сөзінше, жоба эскизі әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз