Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Астанада Кенесары көшесінің Шоқан Уәлиханов көшесінен Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі. Осыған орай көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 24-26 мамыр күндері аталған аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Фото: Астана әкімдігі

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік Астанада қос деңгейлі жолдар (двухуровневая дорога) салынады. Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың сөзінше, жоба эскизі әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз