Астаналық мұғалім 13,5 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram.com/avtopark_01, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: instagram.com/avtopark_01, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астана қаласының №50 мектебінде жұмыс істейтін мұғалім Айгүл Ержанова 13,5 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд орнатты.

Өткен жылы ол жалпы салмағы сегіз тонна болатын екі пикапты 57 метрге сүйреп, рекорд орнатқан еді. Биыл мұғалім өз нәтижесін жаңартып, 13,5 тонналық автобусты таңдаған. Осы арқылы ол шәкірттеріне де үлгі болғысы келгенін жасырмайды.

«Мен мектеп бітіріп жатқан жастарға қолдау көрсетіп, өз мақсаттарына сенімді түрде ұмтылсын дедім. Адам арманына шын ниетпен ұмтылса, ол міндетті түрде орындалады», – деді Айгүл Ержанова.

Мұндай рекордтар әлемде бұрын да болған. Алайда 50 жастан асқан әйелдер арасында 13 тонна салмақтағы автобусты сүйреуі алғаш рет тіркеліп отыр.

Айгүл Ержанованың есімі әлемдік рекордтар кітабына екінші рет енбек. Өткен жылы Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатында ол екі алтын медаль жеңіп алған.

Тағы да оқыңыз: Еуропа елдерін жаяу аралаған ақсақал «Құрметті спорт қызметкері» атанды.

Сондай-ақ оқыңыз