Арафа күні: ҚМДБ ораза кестесін жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Арафа күніндегі ораза кестесі / фото: shutterstock

Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті әрі ұлық күндердің бірі – Арафа күні. Бұл күн – зұл-қиджа айының 9-шы жұлдызы, яғни Құрбан айт мейрамынан бір күн бұрын келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Арафа күніне арналған еліміздің ірі қалалары мен өңірлері бойынша ауыз бекіту (сәресі) және ауыз ашу (ифтар) уақыттарының кестесін жариялады.

Арафа күні ораза ұстаудың маңызы

Арафа күні нәпіл ораза ұстау – Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүйетін амалдарынан болған.

«Арафа күні ораза ұстау өткен жылғы және келесі жылғы (кіші) күнәлардың кешірілуіне себеп болады». (Муслим)

Сонымен қатар, бұл күні жасалған дұғалардың орны ерекше. Тирмизиден жеткен хадисте: «Дұғалардың ең қайырлысы – арапа күні жасалған дұға» делінген.

Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесі

Төменде еліміздің бас қалалары мен облыс орталықтары бойынша ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттары берілген.

Облыс / ҚалаАуыз бекіту (Сәресі)Ауыз ашу (Ифтар)
Астана қаласы02:1120:18
Алматы қаласы02:3719:23
Шымкент қаласы03:1219:50
Ақтау қаласы04:1821:08
Ақтөбе қаласы03:1021:11
Атырау қаласы03:4821:17
Жезқазған қаласы02:3820:16
Көкшетау қаласы02:1420:37
Қарағанды қаласы02:0720:05
Қостанай қаласы02:3721:00
Қонаев қаласы02:3219:25
Қызылорда қаласы03:1220:14
Орал қаласы03:3121:39
Өскемен қаласы01:2919:28
Павлодар қаласы01:4620:02
Петропавл қаласы02:1020:47
Семей қаласы01:3719:39
Талдықорған қаласы02:1919:23
Тараз қаласы03:0219:44
Түркістан қаласы03:1119:58

27 мамыр күні Құрбан айт. Алматы мен Астанада құрбан шалуға арнайы орындар белгіленген. Сондай-ақ, бұған дейін өңірлердегі малдың бағасын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз