Арафа күні: ҚМДБ ораза кестесін жариялады

Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті әрі ұлық күндердің бірі – Арафа күні. Бұл күн – зұл-қиджа айының 9-шы жұлдызы, яғни Құрбан айт мейрамынан бір күн бұрын келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Арафа күніне арналған еліміздің ірі қалалары мен өңірлері бойынша ауыз бекіту (сәресі) және ауыз ашу (ифтар) уақыттарының кестесін жариялады.
Арафа күні ораза ұстаудың маңызы
Арафа күні нәпіл ораза ұстау – Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүйетін амалдарынан болған.
«Арафа күні ораза ұстау өткен жылғы және келесі жылғы (кіші) күнәлардың кешірілуіне себеп болады». (Муслим)
Сонымен қатар, бұл күні жасалған дұғалардың орны ерекше. Тирмизиден жеткен хадисте: «Дұғалардың ең қайырлысы – арапа күні жасалған дұға» делінген.
Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесі
Төменде еліміздің бас қалалары мен облыс орталықтары бойынша ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттары берілген.
| Облыс / Қала | Ауыз бекіту (Сәресі) | Ауыз ашу (Ифтар) |
| Астана қаласы | 02:11 | 20:18 |
| Алматы қаласы | 02:37 | 19:23 |
| Шымкент қаласы | 03:12 | 19:50 |
| Ақтау қаласы | 04:18 | 21:08 |
| Ақтөбе қаласы | 03:10 | 21:11 |
| Атырау қаласы | 03:48 | 21:17 |
| Жезқазған қаласы | 02:38 | 20:16 |
| Көкшетау қаласы | 02:14 | 20:37 |
| Қарағанды қаласы | 02:07 | 20:05 |
| Қостанай қаласы | 02:37 | 21:00 |
| Қонаев қаласы | 02:32 | 19:25 |
| Қызылорда қаласы | 03:12 | 20:14 |
| Орал қаласы | 03:31 | 21:39 |
| Өскемен қаласы | 01:29 | 19:28 |
| Павлодар қаласы | 01:46 | 20:02 |
| Петропавл қаласы | 02:10 | 20:47 |
| Семей қаласы | 01:37 | 19:39 |
| Талдықорған қаласы | 02:19 | 19:23 |
| Тараз қаласы | 03:02 | 19:44 |
| Түркістан қаласы | 03:11 | 19:58 |
27 мамыр күні Құрбан айт. Алматы мен Астанада құрбан шалуға арнайы орындар белгіленген. Сондай-ақ, бұған дейін өңірлердегі малдың бағасын жазған едік.