«Ролан Гаррос – 2026»: Елена Рыбакина жарыс жолын ерте аяқтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина на «Ролан Гаррос-2026»
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос-2026» турнирінен шығып қалды / фото: WTA

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Roland Garos турнирінің алғашқы кезеңдеріндеақ жарыс жолынан шығып қалды.

Камбэк пен шиеленіске толы өткен тартысты кездесуде Рыбакина Украина өкілі Юлия Стародубцеваға (WTA рейтингінде 55-орын) есе жіберді. Үш сетке созылған ауыр матч 2:1 (3:6, 6:1, 7:6) есебімен украиналық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Матч қалай өтті?

Ойын құбылмалы әрі драмалық сипатта өрбіді: 1-ші сетте Елена Рыбакина ойынды сенімді бастап, 6:3 есебімен алға шықты. 2-ші сетте Стародубцева корттағы басымдықты өз қолына алып, селіктік танытпай 1:6 есебімен жауап қайтарды. 3-ші (шешуші) сетте жүйке жұқартар сәттерге толы болды. Стародубцева басында екі брейкпен 0:3 есебімен алға шыққан еді. Алайда, отандасымыз мінез көрсетіп, таразы басын теңестіре алды. Дегенмен, матч тағдыры шешілген тай-брейкте сәттілік украиналық спортшыға серік болып, ол 7:6 (10:4) есебімен жеңісті жұлып кетті.

Жалпы кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.

Рейтингке соққы

Бұл жеңіліс Елена Рыбакина үшін үлкен соққы болмақ. Ол өткен жылы «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына дейін жетіп, Ига Швёнтекке есе жіберген еді. Биылғы турнирде де ерте шығып қалғаны әлемдік рейтингтегі ұпайларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз