«Ролан Гаррос – 2026»: Елена Рыбакина жарыс жолын ерте аяқтады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина на «Ролан Гаррос-2026»
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос-2026» турнирінен шығып қалды / фото: WTA

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Roland Garos турнирінің алғашқы кезеңіндеақ жарыс жолынан шығып қалды.

Камбэк пен шиеленіске толы өткен тартысты кездесуде Рыбакина Украина өкілі Юлия Стародубцеваға (WTA рейтингінде 55-орын) есе жіберді. Үш сетке созылған матч 2:1 (3:6, 6:1, 7:6) есебімен украиналық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Матч қалай өтті?

1-ші сетте Елена Рыбакина ойынды сенімді бастап, 6:3 есебімен алға шықты. 2-ші сетте Стародубцева корттағы басымдықты өз қолына алып, 1:6 есебімен жауап қайтарды. 3-ші сетте Стародубцева басында екі брейкпен 0:3 есебімен алға шыққан еді. Алайда отандасымыз таразы басын теңестіре алды. Дегенмен матч тағдыры шешілген тай-брейкте украиналық спортшы 7:6 (10:4) есебімен жеңісті жұлып кетті.

Жалпы кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.

Рейтингке соққы

Бұл жеңіліс Елена Рыбакина үшін үлкен соққы болмақ. Ол өткен жылы Roland Garos турнирінің төртінші айналымына дейін жетіп, Ига Швёнтекке есе жіберген еді. Биылғы турнирден ерте шығып қалғаны әлемдік рейтингтегі ұпайларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз