
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мерейтойлық концертінде жас әнші Баянсұлумен бірге ән айтып, ерекше тарту жасады. Әнші өзінің сахналық қызыл көйлегін жас талантқа естелік ретінде табыстады.
Бала күнгі арман
Баянсұлу өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағындағы естеліктерімен бөлісіп, Роза Рымбаевамен бір сахнада өнер көрсету ата-анасының да үлкен арманы болғанын жазды.
«Бала кезде ауылда ата-әжем, анам, әкем Роза Рымбаеваны телевизордан көріп, тамсанып, «менің де қызым ертең Роза сияқты мықты әнші болады» деп айтатын. Ал бүгін Роза ханымның 50 жылдық концертінде, бір сахнада тұрып бірге ән айту бұйрыпты. Аман болыңыз, аңыз адам», – деп жазды ақтарыла қуанған жас әнші.
Кеш барысында Роза Рымбаева Баянсұлудың талантына жоғары баға беріп, өзінің сахнада киген, қызыл көйлегін салтанатты түрде табыс етті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Баянсұлу Сағындықова мен продюсері Қуат Әбіл арасында дау туындаған еді.