1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Жарияланды 1 Маусым 2026 09:11

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: ЖИ арқылы жасалды

Жаздың алғашқы күні – 1 маусым әлемдегі ең маңызды мейрамдардың бірі – Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді.

Бұл күн – балалардың өмір сүру, денсаулық сақтау, сапалы білім алу және қауіпсіз ортада өсу сияқты іргелі құқықтарын қорғау мақсатында бекітілген маңызды дата.

Халықаралық балаларды қорғау күні ресми 1949 жылы қарашада өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында бекітілді. Ресми шешім қабылданғаннан кейін, келесі жылы, яғни 1950 жылы мереке алғаш рет әлемдік деңгейде кең ауқымда тойлана бастады.

Мерекенің негізгі миссиясы – кәмелетке толмағандардың заңды құқықтарын қорғау. Сонымен қатар бүкіл әлемге балаларды соғыс қаупінен, түрлі қысымдар мен зорлық-зомбылықтан аман сақтау қажеттілігін тағы бір мәрте еске салу.

Мереке қалай аталып өтіледі?

Дәстүр бойынша жаздың алғашқы күні еліміздің барлық өңірінде ерекше мерекелік леппен басталады. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұған дейін, Kursiv Media 1 маусым күні Астана мен Алматыда балаларды қайда апаруға болатынын жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз