Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды

Жарияланды 1 Маусым 2026 14:03

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай белгілі композитор, продюсер әрі музыкант, «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Ел Президентінің атынан құрметті марапатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

Марапаттау рәсімі барысында Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамыту жолындағы қажырлы еңбегіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ оның қазақстандық музыка өнерін халықаралық деңгейде қолдау және кеңінен насихаттау ісіне қосқан зор үлесін атап өтті.

«Парасат» ордені елімізде ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ мемлекеттің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.

Айта кетейік, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ресми түрде өткен салтанатты марапаттау рәсіміне Қанат Айтбаев жеке жағдайларына байланысты қатыса алмады. Осы себепті жоғары мемлекеттік награда иесіне арнайы жұмыс кездесуі аясында табыс етілді.

Бұған дейін, әнші Мейрамбек Беспаев та «Парасат» орденімен марапатталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз