Мадридте Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Жарияланды 1 Маусым 2026 18:02

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/KUDAIBERGENOV.DIMASH, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
instagram.com/KUDAIBERGENOV.DIMASH, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Мадрид қаласында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы туралы «Al Compás de Su Voz» атты деректі фильмнің премьерасы өтті.

Бұл фильм Димаш пен оның Испаниядағы жанкүйерлер қауымдастығына арналған. Жобаны әншінің Испаниядағы фан-клубы мен La Gran Voz Kazaja қауымдастығы бірлесіп әзірлеген. Фильмнің режиссері – жас испан кинематографисі Давид Кольянтес Родригес.

Көрсетілім Мадридтегі Palacio de Hielo кинотеатрында өтіп, оған 130-дан астам көрермен жиналды. Қонақтар қатарында Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаев бастаған елшілік өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері, қоғамдық ұйымдар және жас қазақстандық әнші Жанель Әли болды.

Бұл деректі фильм Dears қауымдастығына арналған алғашқы кинотуынды болды. Фильмнің негізгі желісі жанкүйерлер қауымдастығының бес мүшесінің өмір тарихына құрылған. Олар Димаштың шығармашылығымен қалай танысқандары және бұл қауымдастықтың өмірлерінде қандай маңызды орын алғаны туралы әңгімелейді.

Жоба авторларының айтуынша, фильмнің басты мақсаты – әлемге «Димаш қозғалысы» деп аталатын құбылысты таныстыру. Яғни, әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарына тигізіп отырған мәдени және эмоционалдық ықпалын көрсету.

Мұның алдында Димаш Құдайберген Бангладештегі босқындар лагерінде өнер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз