Жахан Отарғалиев жарына жүрек тебірентер жазба қалдырды

Жарияланды 5 Маусым 2026 11:39

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/zhahan_utargaliyev
instagram.com/zhahan_utargaliyev

Актер Жахан Отарғалиев үшінші әйелі Ақтолқын Сейітке махаббаты мен ризашылығын білдіріп, жүрек тебірентер жазба қалдырды.

Ол жарымен бірге шетелде, жардың үстінен теңізге қарап, құшақтасып тұрған фото-суретті жариялаған. Оның астына әйеліне жылы лебіз білдірген.

«Кім не десе, о десін. Жан баласы сенбегенде сен сендің. Жаным, құлаған сәтте артына қарамастан, бұрылып кеткенде, жағдайым былай тұрсын, сәлем беруге жарамағанда, бұрыш бұрыштан мені жамандап, өмірі жақсылық жасамағандай, енді мені тұрмастай өсек айтқанда, сен ғана «мен саған сенемін» дедің», – деп жазды актер.

Жахан Отарғалиев жарының бұл ісін ешқашан ұмытпайтынын айтқан. Ол үшін және қыздарының бақытты болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.

Актер «көңіл күйіңді мүлде түсірме, Алла әділ» деп Ақтолқын Сейітке қолдау білдірді.

Мұның алдында Жахан Отарғалиев тотықұстарын өлтіріп қойғаны үшін Мөлдір Мұқановадан кешірім сұраған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз