Сот мемлекетке 795 млн теңге залал келтірді деп айыпталған кәсіпкерді ақтап шықты

Қостанай облысы Арқалық маңындағы қалдық үйінділерінен глинозем өндірмек болған кәсіпкердің деп басы дауға қалған.
Ол «ірі көлемде ұрлық жасады (ҚК 188-бап, 4-бөлім, 3-тармақ); заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, аса ірі көлемде табыс алу мақсатында (ҚК 214-бап, 2-бөлім, 2-тармақ); қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыруды деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, іс сотқа жеткен.
Айыптау актісіне сәйкес, кәсіпкер 2024 жылғы қазан мен 2025 жылғы тамыз аралығында Арқалық кен орнының Арқалық учаскелеріндегі үйінділерден техногендік минералдық түзілімдерді алып, оларды сақтауды, өңдеуді және ЖШС арқылы саз түрінде өткізуді ұйымдастырған деп айыпталған. Аталған әрекеттердің салдарынан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 795 млн теңгеден астам мөлшерде аса ірі залал келтірілген деп көрсетілген.
Алайда сот барысында өндірілген шикізатты ұрланған мүлік деп тануға болмайтыны анықталды. Себебі ол ешкімнің меншігінде болмаған және экономикалық айналымда пайдаланылмаған.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары келтірілген залалды дайын өнім – өнеркәсіптік алюминий оксидінің құны бойынша есептеген. Ал, шын мәнінде, сөз тек саз балшық тәрізді шикізат туралы болған.
Сотта өндірілген глинозем көлеміне қатысты да күмән туындап, мемлекеттік айыптаушы өндіріс көлемінің нақты екенін дәлелдей алмаған.
Сондай-ақ сот кәсіпорында кен өндіруге лицензияның болмауы заңсыз кәсіпкерлік туралы баптар бойынша қылмыс болып саналмайды деген қорытындыға келді.
Нәтижесінде кәсіпкер толық ақталып шықты. Бұдан бөлек, оған заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан келтірілген материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу құқығы берілді.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Өскеменде сот өңірге танымал кәсіпкер және облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Сомовқа қалалық құрылыс бөлімінің басшысына пара беру ісі бойынша үкім шыққан еді.