Сот мемлекетке 795 млн теңге залал келтірді деп айыпталған кәсіпкерді ақтап шықты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Қостанай облысы кәсіпкерінің Арқалық маңындағы қалдық үйінділерінен глинозем өндіремін деп басы дауға қалған.

Ол «мемлекетке ірі көлемде залал келтірді», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «мүлікті заңдастырды» деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, іс сотқа жеткен.

Алайда сот барысында өндірілген шикізатты ұрланған мүлік деп тануға болмайтыны анықталды. Себебі ол ешкімнің меншігінде болмаған және экономикалық айналымда пайдаланылмаған.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары келтірілген залалды дайын өнім – өнеркәсіптік алюминий оксидінің құны бойынша есептеген. Ал, шын мәнінде, сөз тек саз балшық тәрізді шикізат туралы болған.

Сотта өндірілген глинозем көлеміне қатысты да күмән туындап, мемлекеттік айыптаушы өндіріс көлемінің нақты екенін дәлелдей алмаған.

Сондай-ақ сот кәсіпорында кен өндіруге лицензияның болмауы заңсыз кәсіпкерлік туралы баптар бойынша қылмыс болып саналмайды деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде кәсіпкер толық ақталып шықты. Бұдан бөлек, оған заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан келтірілген материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу құқығы берілді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Өскеменде сот өңірге танымал кәсіпкер және облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Сомовқа қалалық құрылыс бөлімінің басшысына пара беру ісі бойынша үкім шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз